Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі 27 наурыз сағат 19.05-те Нұр-Сұлтан қаласында тоғыз адамнан коронавирус табылғанын хабарлады.
Осылайша елде вирус жұқтырғандар саны 135-ке жетіп отыр. Министрліктің дерегінше, Нұр-Сұлтанда – 69 адам , Алматыда – 48 адам, Қарағандыда – төрт адам, Жамбыл облысында – үш адам, Атырау облысында – үш адам, Шымкентте – екі адам, Алматы, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстарының әрқайсында бір-бір адамнан коронавирус табылған.
26 наурыз кешкісін Нұр-Сұлтанда 64 жастағы бір әйел адам коронавирустан көз жұмды. Бұдан бөлек, елде вирус жұқтырған үш адам жазылып шықты.
Пікір қалдыру