27 наурыз сағат 22.20-да Нұр-Сұлтанда – алты адамнан, Ақмола облысында – екі адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Қазір елде вирус жұқтырғандар саны 145-ке жетіп отыр. Министрліктің дерегінше, Нұр-Сұлтанда – 75 адамнан, Алматыда – 50 адамнан, Қарағандыда – төрт адам, Жамбыл, Атырау, Ақмола облыстарының әрқайсында үш адамнан, Шымкентте – екі адам, Алматы, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстарының әрқайсында бір-бір адамнан коронавирус табылған.
26 наурыз кешкісін Нұр-Сұлтанда 64 жастағы бір әйел адам коронавирустан көз жұмды. Алматыда – үш адам, Нұр-Сұлтанда – екі адам індеттен жазылып шықты.
Пікір қалдыру