Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімдерін іске асыру мақсатында енгізілетін қосымша шектеу шаралары туралы айтты.
Қосымша шараларға сәйкес 28 наурыз сағат 00.00-ден бастап, 5 сәуірі сағат 23.59-ға дейін қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардан бөлек, барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтатылады. Бұл санатқа қалалық басқару органдары, азық-түлік, медициналық және ветеринарлық нысандар, қаланың тыныс-тіршілігі мен қауіпсіздігін үздіксіз қамтамасыз ететін қызметтер мен БАҚ кірмейді.
Қалада адамдар мен жеке көліктің жүруіне тыйым салынады. Тек шұғыл жағдайда ғана жүріп-тұруға рұхсат. Азық-түлік және дәрі-дәрмектер алу үшін үйдің қасындағы дүкен мен дәріханаға барған жөн. Сондай-ақ үй жануарларын серуендетуге рұқсат етілген.
– 65 жастан асқан тұрғындардың көшеге шықпауын сұраймын. Бұл ретте мұқтаждарға әлеуметтік қызметкерлер мен еріктілер қажетті көмек көрсетеді. Қалада кәмелетке толмағандардың ересектерсіз жүруіне болмайды, – деді Алматы қаласының әкімі.
Сонымен қатар, қоғамдық көліктің жұмыс кестесі сағат 06.00-ден кешкі 19.00-ге дейін қысқартылды. Оларда барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталуға тиіс. Қоғамдық көліктегі жолаушылар 40%-дан аспауы керек. Сонымен қатар, қауіпсіздік және жүргізушілердің коронавирусты жұқтыру қаупін азайту мақсатында жүргізушілерге қоғамдық көліктің алдыңғы есіктерін ашуға тыйым салу туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ қаланы дезинфекциялау бойынша ауқымды жұмыстар жүзеге асырылатын болады. Әрбір аудан бойынша аумақты өңдеудің жалпы кестесін аудан әкімдіктерінің аппараттары және дезинфекциялық өңдеуге тартылған басқа да ұйымдар жүргізіп, реттейді. Дезинфекция жүргізілгеннен денсаулыққа зиян тимес үшін 5 сағаттай далаға шықпау керек.
Азық-түлік, дәрі-дәрмек және бірінші кезектегі қажетті заттарды жеткізу қызметтері сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін қолжетімді болады. Барлық ұйымдар, кәсіпорындар мен қалалық қызметтердің жұмысшылары санитарлық қорғау тәртібін күшейтеді.

Төтенше жағдай кезінде туыстарға барып, қонақ шақыруға тыйым салынады. Жерлеу рәсіміне қатысатындар 10 адамнан аспау керек. Қала көшелерінде құқық қорғау органдары мен ҚР Ұлттық гвардиясының өкілдері тәулік бойы бақылайтын болады. Тәртіпке бағынбағандар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Пікір қалдыру