Алматы қаласында тағы 5 адамнан коронавирус анықталды. Індетке шалдыққандардың жалпы саны 150-ге жетті.
"Осы сағатта Нұр– Сұлтан қаласы бойынша 75 адам, Алматы қаласында – 55 адам, Қарағанды қаласында – 4, Жамбыл облысында – 3 адам, Атырау облысы – 3 адам, Ақмола облысында – 3 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, жалпы 150 науқас тіркелді" деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Бұған дейін карантин режимі күшейтілгені, тәртіпке бағынбағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екені хабарланған.
Пікір қалдыру