Білім және ғылым министрлігі COVID-19 вирусының таралуына байланысты жарияланған карантин кезеңінде балалардың қашықтан қосымша білім алуына мүмкіндік беретін арнайы платформалар тізімін ұсынды.
– Алматы қаласы Оқушылар сарайының бағдарламалары қашықтық форматында қолжетімді (инфо-сабақтар). Білім беру Zoom технологиясына негізделген.
– Қазақстан Ұлттық кітапханасының Электрондық платформасынан көптеген шығармаларды, мақалаларды, газеттерді, журналдарды табуға болады. Сілтемесі http://kazneb.kz
– Өздігінен қазақ тілін үйренуге арналған материалдар:
https://t.me/qazaqtili_birge, https://t.me/qazaqtili_channel
– KazTub онлайн-кинотеатры тегін жұмыс істей бастады. 100-ден аса фильм қолжетімді, оның ішінде отандық фильмдер де бар. 20-дан астам мультсериал көрсететін Kaztube.balapan блогы да қосылды.
– Coursera студенттерге 3800 онлайн-курс ашты. https://www.coursera.org/
– ҰБТ-ға, қорытынды аттестаттауға және ОЖСБ дайындалуға арналған онлайн-тренажер жұмыс істейді. Сілтемесі https://itest.kz/ru
– "Филин" – иллюстрацияланған жануарлар энциклопедиясы. http://www.filin.vn.ua/index.html
Пікір қалдыру