Қытайда коронавирустың таралуы толық тоқтады. Бұл туралы ҚХР денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеттің ресми өкілі Ми Фэн мәлімдеді.
– 28 наурыздағы жағдай бойынша, ауру жұқтырғаны расталғандар саны 3000-ға азайған. Қытай территориясында эпидемияның таралуы толық тоқтады, – деді мемлекеттік комитеттің ресми өкілі Ми Фэн.
Еске сала кетсек, Қытайда вирус жұқтырғандар саны 81 439 адамға дейін жеткен. Оның 75 448-і аурудан жазылса, 3300 адам қайтыс болған.
Пікір қалдыру