31 наурыз сағат 00:10-дағы жағдай бойынша коронавирус жұқтырған Нұр-Сұлтан қаласында – 5 адам, Ақмола облысында – 1 адам тіркелді. Осылайша елде вирус жұққандардың жалпы саны 308-ге жетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Қазіргі уақытта вирус Нұр-Сұлтан қаласында – 173 адамнан, Алматы қаласында – 73 адам, Қарағанды облысында – 13 адам, Ақмола облысында – 10 адам, Атырау облысы – 12 адам, Жамбыл облысында – 3 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 8 адам, Ақтөбе облысында – 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 5 адамнан, Батыс Қазақстан облысында – 2 адамнан анықталды.
Пікір қалдыру