Коронавирус: Індет құрбанын жеткізген жедел жәрдем жүргізушісі вирус жұқтырған

/image/2020/03/31/crop-13_0_541x962_6092771.jpg

Бұл туралы Ақмола облысының бас дәрігері Сүлен Ілиясов мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

 "Тағы бір байланыс расталды, ол жедел жәрдем машинасының жүргізушісі, 64 жастағы зейнеткер Қосшы ауылынан (науқасты - ред.) ауруханаға жеткізген. Әйел 26 наурызда астанадағы ауруханада қайтыс болды", - дейді Сүлен Ілясов.

Ақмола облысының бас дәрігерінің айтуынша, аталған инфекция зейнеткердің жұбайынан да расталған. 

Қалыптасқан індеттік жағдайға байланысты өңірдің бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның шешіміне сәйкес, 31 наурыз сағат 19:00-ден бастап карантиндік режим енгізілмек. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар