Коронавирус инфекиясын жұқтырған науқастар саны 372-ге жетті

/image/2020/04/01/crop-125_12_712x949_5e82c75ac9b83435169476.jpg

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирус індетін жұқтырған 3 адам тіркелгенін хабарлады. Осылайша елде вирус жұққандар саны 372-ге жетті.

Қызылорда облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Алматы облысында – 1 адам табылды.

Қазір Нұр-Сұлтан қаласында – 184 адам, Алматы қаласында – 84 адам, Қарағанды облысында – 14 адам, Ақмола облысында – 16 адам, Атырау облысы – 16 адам, Жамбыл облысында – 3 адам, Шымкент қаласында – 3 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 9 адам, Ақтөбе облысында – 4 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 3 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 25 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 5 адамнан анықталды. 

Еске сала кетсек, коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарды жерлеу алгоритмі жарияланғаны хабарланған болатын.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар