Айсұлтан Назарбаев анасы Дариға Назарбаевадан кешірім сұрады. Бұл туралы ол өзінің facebook парақшасына жазды.
"Мен сенен ашулы кезімде ренжітіп алғаным үшін кешірім сұраймын. Біздің арамызда не болғаны маңызды емес. Мен әлемде ең көп қателік пен жамандық жасаған адаммын. Сені ренжітуге ешқандай құқығым жоқ еді. Сен мені дүниеге әкелдің, өсірдің, тәрбиеледің. Біз пендеміз, барлығымыз қателік жасаймыз. Мен де қателестім. Сен де мені кешіресің. Бұған сенімдімін. Себебі сенің жүрегің мейірімге толы. Сенің де өмір жолың оңай болмады. Алла бізге көптеген сынақ берді. Аллаға көзімді ашқаны үшін сансыз рет шүкір айтамын. Бүгіннен бастап адал боламын. Анашым, сенен кек алғым келгені үшін және сенің жүрегіңді ауыртқаным үшін кешірім сұраймын. Сені қатты жақсы көрем. Бұл сөзді сирек айтатыным үшін де кешірім сұраймын. Алланың атымен ант етемін, мен сені кешірдім. Сен де мені кешір! Біз бір-бірімізді жақсы жаққа қарай өзгертеміз деп ойлаймын. Жек көру мен жақсы көрудің арасы бір қадам деп бекер айтпайды ғой ", - деп жазды Айсұлтан Назарбаев.
Пікір қалдыру