ШҚО әкімінің орынбасары, Әділет Мархабат: Қала ішінде жүріп-тұру үшін тұрғындарға рұқсат қағаз беріледі

/image/2020/04/01/crop-95_27_468x624_191227124233465e.jpeg

ШҚО әкімі Даниал Ахметов мемлекеттік коронавирусқа қарсы қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында Семей және Өскемен қаласына бірнеше шектеулер енгізеді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары онлайн-брифинг кезінде Әлішер Мархабат хабарлады. 

2 сәуірден кейін Семей және Өскемен қалаларына кіріп-шығу қатаң бақылауға алынады. Облыс орталығы мен Семей қаласында 15 өткізу пункті қойылады. Блок посттағы полиция қызметкерлері тұрғындарды тіркеу құжатын тексергеннен соң кіргізеді. 

Ал 6 сәуірден бастап Семей және Өскемен тұрғындары жасыл және ақ түсті екі түрлі рұқсат қағазбен жүріп-тұрады. Бірінші түрі – қалалардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйым қызметкерлері, жұмыс істейтін азаматтарға арналған. Екінші түрі – әрбір отбасына беріледі. Тіркеу нөмірі тақ санмен аяқталатын тұрғындар күнтізбенің тақ күні, жұппен және 0 мен аяқталатындар тек жұп күндері қалада жүретін болады. Бірақ түнде қаладағы қозғалыс тоқтайды. 

Облыс әкімінің орынбасары Әлішер Мархабат, әрбір қала тұрғынында айына 15 рет қалада жүріп-тұруына мүмкіндік барын айтты. Рұқсат қағазы әр пәтерге біреуден беріледі. 

"Әр пәтер тұрғыны аптасына 3 рет қана қалада жүре алады. Не күнтүзбенің тақ күндері немесе жұп күндері. Сыртқа шыққан қала тұрғынының рұқсат қағазын полиция қызметкерлері тексереді", - деді Әлішер Мархабат. 

"Әр адам міндетті түрде өзімен бірге жеке куәлігін де алып жүруі керек. Рұқсат қағазының жарамдылық мерзімі – 1 ай. Көпқабатты үйде тұратындар аталмыш қағазды алу үшін 1 сәуірден бастап ПИК-ке және кондоминиумға жүгінулері керек. Ал жер үй тұрғындары жергілікті басқару комитеттеріне баруы қажет", - деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.

Сондай-ақ азық-түлік дүкендерінен бөлек ірі сауда орындарының қызметі тоқтатылады. 70 жастан асқан қариялар мен бірінші және екінші топтағы мүгедектерге азық-түлік пен дәрі-дәрмек үйлеріне жеткізіледі. 

Облыс әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғұтовтың айтуынша, ШҚО-да  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 19 түрі, гигиена заттарының 10 түрі кіретін 4 топтама жасалған. Бұл пакеттер 70 жастан асқан зейнеткерлер мен бірінші және екінші топтағы мүгедектерге аптасына бір рет тегін жеткізілетін болады. 

Облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджанның айтуынша, карантиндік стационарда 61 адам жатыр. 

"Олардың денсаулықтары бірқалыпты. Сондай-ақ үй карантинінде 662 жатыр. Олар оқшауланған және дәрігерлердің бақылауында. Ауруханалар қажетті жабдықтармен қамтылған. Инфекциялық төсектің саны - 500, провизорлық төсектің саны - 600, ал карантиндік төсектің саны - 2505. Қажетті жағдайда инфекциялық төсектің саны - 913-ке дейін, провизорлық төсектің саны - 1000-ға дейін, ал карантиндік төсектің саны 4500-ге дейін жетеді. Коронавирус тестінің нақтылығы жоғары деңгейде. Барлық коронавирус тесті КХР, АҚШ, Германия елден әкелінді және арнайы сертификациялаудан өткен", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы. 

ШҚО Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмадилова брифинг барысында 2 сәуір күні онлайн форматта ата-аналар жиналысы өтетінін айтты. Онлайн жиналыс кезінде сынып жетекшілер ата-аналарға қашықтықтан оқыту процессінің қалай ұйымдастырылатынын, және ата-аналар тарапынан қандай көмек қажет болатынын түсіндіреді.

Онлайн-брифинг кезінде ШҚО әкімінің орынбасары Әлішер Мархабат тұрғындарды алаңдамауға шақырып, сұрақтарға жауап берді. 

"Компьютері жоқ оқушылар мектептің қаржысы арқылы керек жабдықтармен қамтамасыз етілетін болады. Алыс ауыл-аймақтарда интернет желісіне қоcыла алмаған оқушыларға да керекті жағдай жасалатын болады. Сонымен қатар, балалар телеарна арқылы да онлайн тұрде білім алуды жалғастыруға мүмкіндік бар. Орыс тілді мектепте оқитындар үшін "Ел арна" телеарнасы, қазақ тілді мектеп оқушылары үшін "Балапан" телеарнасы жұмыс істейді. Сондықтан қашықтықтан білім алу кезінде алаңдауға негіз жоқ", - дейді Әлішер Мархабат.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар