Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ай сайын азық-түлік топтамасын алатын азаматтардың санатын атады.
– Азық-түлік топтамасын алу мүмкіндігі кімге беріледі? Оны атаулы әлеуметтік көмек алып жүрген отбасындағы барлық бала алады. Барлық топ бойынша мүгедектер (елімізде 695 мың) де, мүгедек баланы қарап отырған ата-ана, ресми түрде тіркелген жұмыссыз адамдар да азық-түлік топтамасына ие болады. Қазақстанда айына шамамен 1,5 млн адамға азық-түлік топтамасы беріледі. Оны іс жүзіне жергілікті әкімдер іске асырады, – деді Біржан Нұрымбетов.
Еске сала кетсек, министр елімізде 42 500 теңгелік төлемді алуға болатын арнайы сайт ашылатынын мәлімдеген болатын.
Пікір қалдыру