Коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам Ақмола облысында анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
⠀
"Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 184 адам, Алматы қаласында – 84 адам, Қарағанды облысында – 14 адам, Ақмола облысында – 19 адам, Атырау облысы – 16 адам, Жамбыл облысында – 3 адам, Шымкент қаласында – 3 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 9 адам, Ақтөбе облысында – 4 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 3 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 25 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 5 адам, жалпы 375 науқас тіркелді, делінген министрлік таратқан хабарламада.
Еске сала кетсек, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ай сайын азық-түлік топтамасын алатын азаматтардың санатын айтты.
Пікір қалдыру