Бүгін, 2 сәуір сағат 17.00-де Қазақстанда тағы 21 адамнан коронавирус табылды деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі. Министрліктің хабарламасына қарғанда, Солтүстік Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы қаласында – 1 адам, Қызылорда облысында – 1 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам, Шымкент қаласында – 8 адам, Түркістан облысында – 6 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам вирус жұқтырған.
Ресми мәлімет бойынша, елде коронавирус жұқтырғандар саны 427 адамға жетіп отыр. Осы уақытқа дейін 27 адам індеттен жазылып, үш адам көз жұмды.
Пікір қалдыру