Қазақстанда төтенше жағдайға байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін әлеуметтік төлемге өтініш беруге арналған қосымша сервис іске қосылды.
Сервис Enbek.kz электрондық еңбек биржасының алаңында құрылды. МӘСҚ-тан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде төлемге өтініш беру үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
1. 42500.enbek.kz сайтына кіріңіз;
2. «жәрдемақы алу 42 500» таңдаңыз;
3. өтініш берушінің аты-жөні, ЖСН, IBAN немесе жұмыс берушінің БСН, электронды поштасы көрсетілген нысанды (форма) толтырыңыз;
4. нысанды (форма) жіберу керек;
5. жүйе телефон нөмірін сұрайды;
6. телефон нөмірін SMS арқылы жіберілген кодпен растау;
7. өтініш жіберілді.
Өтінішті өңдеп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ деректерін тексергеннен кейін, өтініш беруші қабылданған шешім туралы SMS-хабарлама алады, ақпарат төлемді тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-қа жіберіледі.
Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдайлар кезінде табысынан айырылу жағдайына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем келесі санаттағы азаматтарға тағайындалады:
- орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері;
- жеке кәсіпкерлер (бұдан әрі – ЖК);
- жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор) (бұдан әрі – ЖП);
- бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер;
- нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (бұдан әрі – АҚС) бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдар;
- карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері.
Өтінімдерді қарастырудың және әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың жалпы мерзімі – 3 жұмыс күні.
Егер сіз бейресми жұмыс істеген болсаңыз, 42500 тг. әлеуметтік төлемақыны ЭЦҚ-сыз алуға болады деген сілтемеге басып, өтініш қалдырып көріңіз.
Пікір қалдыру