Алматыда карантин орталығы бой көтереді (видео)

/image/2020/04/04/crop-74_6_774x1033_5e886525a3c8d527685471.jpg

Бұл емхана коронавирус індетін жұқтыруы ықтимал және науқас адамдармен байланыста болған жандарға арналады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

– Бүгін емхананың құрылысы басталған алаңда болдым. Бұл емхана коронавирус індетін жұқтыруы ықтимал және науқас адамдармен байланыста болған жандарға арналады. Тез салынатын модульды құрылыс жабдығынан бой көтеретін карантин орталығы 280 адамға есептелген. Соның ішінде 28-і қарқынды терапия бөлімшесіне арналады, – деді Б. Сағынтаев.

Ол емхананы салу туралы шешім вирус пандемиясына тап болған басқа елдердің тәжірибесі әрі мамандардың ұсынысы негізінде қабылданғанын атап өтті.

– Бұл – індетті дер кезінде анықтап, оны оқшаулауға және індетті жұқтырушыны емдеуге мүмкіндік береді. Осылайша біз аурудың таралу қаупін айтарлықтай төмендетіп, қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыра аламыз, – Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

04.04.2020 Алматыда жаңадан карантин орталығы бой көтереді. Бүгін оның құрылысы басталған алаңда болдым. Бұл госпиталь коронавирус індетін жұқтыруы ықтимал және науқас адамдармен байланыста болған жандарға арналады. Тез салынатын модульды құрылыс жабдығынан бой көтеретін карантин орталығы 280 адамға есептелген. Соның ішінде 28-і қарқынды терапия бөлімшесіне арналады. Мұндай госпитальды салу туралы шешім вирус пандемиясына тап болған басқа елдердің тәжірибесі әрі мамандардың ұсынысы негізінде қабылданды. Бұл — індетті дер кезінде анықтап, оны оқшаулауға және індетті жұқтырушыны емдеуге мүмкіндік береді. Осылайша біз аурудың таралу қаупін айтарлықтай төмендетіп, қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыра аламыз. —— В Алматы будет построен новый карантинный центр. Сегодня посетил площадку, где началось его строительство. Госпиталь предназначен для контактных и лиц с подозрением на заражение коронавирусной инфекцией. Центр из быстровозводимых модульных конструкций рассчитан на 280 мест, в том числе 28 — для отделения интенсивной терапии. Решение о строительстве госпиталя принято, исходя из рекомендаций специалистов и опыта других стран, столкнувшихся с пандемией вируса. Это позволит нам своевременно выявлять, изолировать и лечить инфицированных. Таким образом, мы сможем значительно снизить риск распространения болезни и стабилизировать эпидемиологическую ситуацию в городе.

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар