Шымкентте коронавирус індетінен қайтыс болған науқас ауруханаға түскен кезден жағдайы ауыр болған

/image/2020/04/05/crop-31_11_726x968_202004031427.jpg

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы коронавирустан қайтыс болған науқастың ауруханаға түскен кезден бастап жағдайы өте ауыр болғанын айтты. 

"Науқас 1964 жылғы, Түркістан облысының тұрғыны, автомобильмен халықаралық жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізуші болып жұмыс істеген. Соңғы апта ішінде Ресейден Алматыға 1988 жылғы ұлымен бірге келе жатқан жолда денсаулық жағдайына, дене қызуының жоғарылауына шағымдар пайда болған. 3 сәуірде Шымкент қаласы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. КВИ–ға анализ тапсырғанда, оң нәтиже шыққан. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен кезден бастап науқастың жағдайы өте ауыр болған, жасанды желдету аппаратына қосылған" делінген департамент таратқан хабарламада.

Қарқынды терапия жүргізілуіне қарамастан, жүрегі тоқтағанын. 2020 жылы 5 сәуірде сағат 03:50 қайтыс болу фактісі тіркелді.

Қарым қатынастағы болған ұлы қазіргі уақытта ол Алматы қаласына келген, сол жерде стационарлық карантинге оқшауланған.


 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар