Қашықтан оқыту: 6 сәуірден бастап телесабақтар қалай өтеді

/image/2020/04/05/crop-70_99_776x1035_je6c8020.jpg

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова қашықтан оқыту кезінде әр пән бойынша, бағалау жүйесі болады деп веб конференцияда мәлімдеді. Бұл туралы 24.kz хабарлады. 

Шолпан Каринованың айтуынша, ұстаздар өздеріне қолайлы интернет-платформаны таңдай алады. Соған сәйкес, сабақ жоспарын бекітіп, оқушыларға тапсырма береді. Ал бағалау жүйесі электронды түрде немесе осыған дейін қолданылып келген қағаз журналдар арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар онлайн оқыту ертең басталатынын және жауапты министрлік өкілдері бүгін мектеп директорларымен байланысқа шығып, дәріс барысын пысықтайды деп мәлімдеді. Егер ата-аналар мен оқушылардың онлайн байланысқа шығуға мүмкіндіктері болмаса, онда оқыту жүйесі пошта арқылы ұйымдастырылатынын да атап өтті.

Төртінші тоқсан аясында мектеп оқушыларына телесабақтар қалай өткізілетінін еске сала кетейік:

  • Телесабақтар тиісті кестеге сәйкес өткізіледі, сабақ таңғы сағат 9:00-де басталады. Біріншіден, телеарналар арқылы сабақтар бұл «Балапан», «Ел арна» арқылы өткізіледі. Сабақ біреуінде қазақша, екіншісінде орыс тілінде жүргізіледі. Күніне 8 сағаттан эфир белгіленген. 
  • Қашықтан оқыту аясында әрбір мұғалімнің шығармашылық қадамы ескеріледі. Бұрындары сабақ 08:00-де басталып, одан кейін 10 минут үзіліс беріліп, қайтадан келесі сабақ болатын. Ал қашықтан оқыту өзгеше жүргізіледі. Мектеп директорлары мұғалімдерден есеп беруді талап етпейді. Мұғалім әр баламен жекелей өткен материалды пысықтайды.
  • Телесабақтың әрқайсы 10 минутқа созылады. Осыдан кейін өткен тақырып бойынша мұғалім қосымша материал ұсынуы керек. Оқу құралына негізделе отырып, оқушылар үшін үй тапсырмасын дайындау қажет. Егер интернетке қосылу мүмкіндігі болса, онда «Bilimland», «Күнделік», «Дарын онлайн» секілді оқыту тұғырнамаларын қосымша пайдалануға кеңес берілген.
  • Кері байланысты электронды журналдар арқылы іске асыруға болады. Алты мыңнан астам мектеп «Күнделік» электронды журналына тіркелген. Сонымен қатар, пайдалануға болатын журналдардың басқа да түрлері бар. Егер олар қолжетімсіз болса, онда қағаз түріндегі дәстүрлі журналды пайдалану мүмкіндігі бар. Мұғалім оқушы қай тапсырмаларды орындағанын белгіліп, баланың жұмысын бағалайды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар