Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент сынды үлкен қалаларда кемінде 3 тез тұрғызылатын жұқпалы аурулар ауруханасын салу қажет деген ұсыныс жасады. Бұл туралы Елжан Біртанов Facebook парақшасында жазды.
– Ауруханалардың инфекциялық қауіпсіздік талаптарына сай болуы өте маңызды: боксталған палаталар, желдету жүйесі, оның ішінде реанимациялық палаталарда қысым болмауы тиіс, аймақтарды "таза" және "лас" деп бөлу қажет. Біз Қытайдың тез салынатын ауруханаларды қалай пайдаланғанын көрдік. Ал АҚШ, Италия және басқа еуропалық елдерде күнделікті қолданыстағы ауруханаларға үлкен ауырпалық түсгенін де білеміз. Көптеген мемлекет пациенттер мен медицина қызметкерлерінің денсаулығы үшін инфекциялық қауіпсіздік технологиясы жоқ объектілерді, спорт ғимараттарын пайдалануға мәжбүр болды, – деді Біртанов.
Денсаулық сақтау министрлігі Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент сынды үлкен қалаларда кемінде үш тез тұрғызылатын жұқпалы аурулар ауруханасын (бірінші кезеңде 200-300 орындық) салу қажет деген ұсыныс жасағанын атап өтті.
– Бізге отандық құрылыс компаниялары қолдау көрсетті. Қысқа мерзімде (15-20 күн ішінде) құрылысты аяқтау жоспарлануда. Жедел технологиялар, дайын блоктық-модульдік шешімдер, заманауи инфекциялық қауіпсіздік жүйелері пайдаланылады, медициналық және зертханалық жабдықтар орнатылады, – деді министр әлеуметтік желідегі парақшасында.
Министрдің айтуынша елімізге бұл шаралар коронавирус пандемиясын ғана емес, сондай-ақ болашақта өзге де індеттерге қарсы тұрып, оны дер кезінде жоюға мүмкіндік беретінін атап өтті.
– Коронавирус пандемиясына қарсы қабылданған шараларға түсіністікпен қарап, бізді қолдаған халқымызға алғыс білдіремін. Сонымен қатар, тек ресми ақпаратқа көңіл бөліп, жауапты мамандардың пікіріне ғана құлақ асуларыңызды сұраймын. Төтенше және шұғыл шаралардың барлығы ел азаматтарының денсаулығы үшін қабылданды! Біз жеңеміз! Біз біргеміз! , – деп Елжан Біртанов сөзін төйіндеді.
Пікір қалдыру