ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны кімдер алатынын айтты.
– Біріншіден 42 500 теңге – мемлекеттен сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем. Ол жұмыс істеп жүрген азаматтарға, әр түрлі тіршілік жасап ресми, бейресми. Бірақ төтенше жағдайға қатысты табысынан айырылған адамдарға қарастырылған төлем, – деді министр .
Сонымен қатар ол кәсіпкер азаматтарға үкімет тарапынан салық, несие, коммуналдық шығындарды төлеу мерзімін кейінге шегеруге қатысты көптеген жеңілдіктер қарастырылып жатқанын және аз қамтылған, көпбалалы отбасылар, мүгедек жандар жасына, санатына қарамастан, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар, ресми жұмыссыз ретінде тіркелген адамдарға бюджеттің есебінен, «Biz bіrgemiz» қорының есебінен және еліміздегі патриот азаматтардың атынан азық-түлік топтамалары және ақшалай көмек көрсетіліп жатқанын атап өтті.
Пікір қалдыру