Министр: Соңғы үш күнде 42 500 теңгені алу үшін 1,2 млн өтініш түсті

/image/2020/04/06/1537342347_original-1xf-1.jpg

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов онлайн брифингте 42500 теңге төлемді төлеу басталған кезде алаяқтар фейк телеграм бот арқылы халықтың деректерін алуға әрекеттенгенін атап өтті.

– Соңғы үш күнде 42500.enbek.kz порталына 1 284 000 өтініш келіп түсті. Қазіргі уақытта электрондық қолтаңба қолдану қажеттігі жоқ. Оны СМС арқылы келетін парольмен растауға болады. Телеграм-бот бүгін іске қосылды. Оның қосылуы кешіккен себебі – алаяқ адамдар фейк телеграм-боттарды жариялап, халықты жаңылыстырды, – деп айтты министр.

Тағы оқыңыз!

♦ 42 500 теңге алуға telegram-bot арқылы өтінім қалай беріледі?

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар