7 сәуірден бастап Алматы қаласында жүруге арналған барлық өткізу құжаттары мен анықтамалардың күші жойылады.
Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб карантин кезінде жұмысты жалғастыратын кәсіпорындардың электронды деректер базасын құрды. Базаға қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін медицина, құқық қорғау, коммуналдық қызмет, БАҚ өкілдері, такси және жеткізу қызметтері мен мемлекеттік орган қызметкерлері енгізілді. Аталмыш ұйымдардан өтінімдер 2 сәуірге дейін қабылданды. Мекеме басшылары қызметкерлеріне 6 сәуірге дейін жарамды анықтамалар берді.
Сонымен қатар, қала тұрғындары түрлі форматтағы рұқсат қағаздарын көрсеткен жағдайлар жиілеп кетті. Жедел штаб ешқандай рұқсат қағаздар мен арнайы рұқсатнама берілмейтінін ресми мәлімдейді. Тек электронды база ғана жұмыс істейді. Бүгінгі таңда рұқсат алуға өтініш жіберген барлық кәсіпкерлерге рұқсат беру немесе дәлелді бас тартуы бар электрондық хаттар жіберілді.
Деректерді толтыру кезіндегі қателердің көп болуына, базада жекелеген қызметкерлер мен автокөліктердің болуы немесе болмауына байланысты кәсіпкерлер Алматы полиция департаменті байланыс орталығының 254-4007 телефоны арқылы немесе business_stab@almatydc.kz электрондық поштасы арқылы тексеруі керек.
Пікір қалдыру