Министр: Елімізде 3,2 млн оқушы қашықтан оқуды бастады

/image/2020/04/06/depositphotos_265399516-stock-photo-schoolboy-doing-homework-while-sitting.jpg

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов VI тоқсанның алғашқы күніндегі көрсеткіштерін мәлімдеді. 

– Еліміз бойынша 3,2 млн оқушы қашықтан оқуды бастады. Тек интернет желісі арқылы 2,4 млн оқушы білім алды. "Күнделік" электронды журналын 2,2 млн оқушы қолданды. Онда атқарылған сессия саны 32 млн құрайды. Бұл - рекордтық көрсеткіш. Бір адам электронды журналды бірнеше рет пайдаланған.
Daryn online оқу қосымшасына тiркелiп, онда дайындалатын видеосабақтарды көруге 300 мыңға жуық оқушы кiрген.  Bilimland платформасына 400 мыңнан астам оқушы видеосабақтардың барлығын қарап, тиісті сұрақтарға жауап берген, – деді А. Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша теледидарда сабақтар таңғы 09:00-ден бастап сабақ кестесіне сай өтілген және оқушылар ақпаратты теледидардан да ала алғанын атап өтті.


Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар