Қазақстанға коронавируспен күресу үшін Қытай дәрігерлері көмекке келеді

/image/2020/04/07/crop-96_10_544x725_orig.jpg

Қытай COVID-19-бен күресуде қазақстандық дәрігерлерді қолдауға медицина қызметкерлерін жіберіп жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

"Құрамына жоғары санаттағы және де үлкен тәжірибесі бар дәрігерлер кіретін Қытай делегациясының басты міндеті – Қазақстан дәрігерлеріне COVID-19 вирусымен күресте консультативтік қызмет пен өзіндік әдістерді көрсету. Сонымен қатар вируспен күресте қытайлық мамандардың қолданған профилактикасын қазақстандық дәрігерлермен бөлісу" делінген министрлік таратқан хабарламада. 

Бұл 24 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си-Цзиньпин арасындағы телефонмен болған әңгіме барысында қол жеткізілген уағдаластық аясында іске асуда.

Қытай тарапынан 13 эксперт келеді деп күтілуде. Олар арнайы бортпен 9 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілдеді.

Делегациямен бірге ҚХР-дан гуманитарлық көмектің екінші бөлігі келмек.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар