Қазақстанда коронавирус бойынша 10 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес індет жұқтырған 21 адам тіркелді. Алматы қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды.
Бүгінгі күнге дейін коронавирустың 802 жағдайы тіркелген. 60 адам аурудан айығып шықса, 9 адам індеттен көз жұмды.
Алматыда қайтыс болған науқас 1956 жылы дүниеге келген. Пациент байланыста болғандар қатарынан, оның оң талдауы 16 наурызда анықталды.
Қосымша аурулар, атап айтқанда өкпенің созылмалы обструктивті аурулары, жүректің созылмалы жеткіліксіздігі мен жүректің ишемиялық аурулары, стенокардиясы, артериялық гипертензиясы бойынша науқас 18 наурызда реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне орналастырылған.
Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, жағдай полиоргандық жеткіліксіздіктің салдарынан нашарлады.
9 сәуірде қосымша ауруларының үдеуі күшейіп, қан айналымы тоқтады. 30 минут бойы жүргізілген реанимациялық іс-шаралар сәтсіз болып, науқасты құтқару мүмкін болмады.
Негізгі диагнозы: COVID-19 коронавирустық инфекциясы, расталған жағдай. Екі жақты полисегментті пневмония, ауыр ағымы. Екі жақты плеврит. Өкпенің ісінуі, Лайелла синдромы.
Пікір қалдыру