Алматыда дәрігерлерге үстамақы беріле бастады

/image/2020/04/10/crop-75_23_426x640_d7b666cf-6706-4686-8fa8-57846b11b0e8.jpg

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев коронавирус індетімен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне алғашқы үстемақылар төлене бастағанын айтты.

Бүгінгі күні 500-ден астам дәрігер, 1,7 мың орта медицина қызметкері, 549 кіші медицина қызметкері және 764 өзге де денсаулық сақтау қызметкері өздеріне тиесілі төлемдерін алуда.

– Жалпы, 965 млн тг көлемінде 3557 медицина қызметкері төлем алады. Бұл есептеулер үш санат бойынша жүргізіледі. Бұған дейін Алматы қалалық Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының медицина қызметкерлері, оның ішінде ауруларды қабылдау бөлімі, лаборатория, клиникалық-диагностикалық бөлімдерінің мамандары қатерлі індетпен күнде бетпе-бет келіп жүргендерін айтқан болатын. Бұл мекеменің де барлық медицина қызметкерлеріне, оның ішінде дәрігерлер, орта буын медицина қызметкерлері, кіші буын медицина мамандарына үш санатқа сәйкес үстемақы төленетін болады, – деді Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Т. Әбілдаев.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар