Алматыда 120 мың теңге жалақы төленетін жұмыс орындары құрылады

/image/2020/04/10/crop-22_14_555x987_lgp0g98t9tlkvfrzeky4za1qp6tgslim.jpg

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы іске қосылып, ол бойынша 26 мың тұрғында жұмыспен қамту жоспарланып отырғанын мәлім етті.

"Коронавируске байланысты карантин кезінде қала тұрғындарының арасында жұмыспен қамту мәселесі шиеленісе түсті. Көптеген адамдар ақысыз демалысқа шығуға мәжбүр болса, енді біреулер жұмысынан айырылды. Демек, өмір сүретін қаражатынсыз қалды. Мемлекет тарапынан оларға көмек ретінде жәрдемақы төленеді. Бұған қоса біз "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасын іске қоспақпыз.

Қала тұрғындары жұмыспен қамтылады. Олар мектеп пен балабақшалардың құрылысына, аурухананы кеңейту жұмыстарына тартылады. Бұдан өзге сумен жабдықтау желілерін жүргізіп, жолдар мен аулаларды ретке келтіру, скверлер мен саябақтарды абаттандыруға қосымша күш қажет.

Осылайша 214 инфрақұрылымдық жобадағы жұмысқа шамамен 26 мың қала тұрғынын орналастыруды жоспарлап отырмыз. Жалақының орташа мөлшері 120 мың теңге құрайды, деді қала әкімі instagram парақшасында.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

10.04.2020 Коронавируске байланысты карантин кезінде қала тұрғындарының арасында жұмыспен қамту мәселесі шиеленісе түсті. Көптеген адамдар ақысыз демалысқа шығуға мәжбүр болса, енді біреулер жұмысынан айырылды. Демек, өмір сүретін қаражатынсыз қалды. Мемлекет тарапынан оларға көмек ретінде жәрдемақы төленеді. Бұған қоса біз «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын іске қоспақпыз. Қала тұрғындары жұмыспен қамтылады. Олар мектеп пен балабақшалардың құрылысына, аурухананы кеңейту жұмыстарына тартылады. Бұдан өзге сумен жабдықтау желілерін жүргізіп, жолдар мен аулаларды ретке келтіру, скверлер мен саябақтарды абаттандыруға қосымша күш қажет. Осылайша 214 инфрақұрылымдық жобалардағы жұмысқа шамамен 26 мың қала тұрғынын орналастыруды жоспарлап отырмыз. Жалақының орташа мөлшері 120 мың тг құрайды. —— Во время карантина по коронавирусу обострился вопрос обеспечения занятости горожан. Многие вынужденно ушли в неоплачиваемые отпуска, кто-то и вовсе лишился работы, а значит, и средств к существованию. В помощь от государства им начисляется пособие. Кроме того, мы запускаем программу «Дорожная карта занятости». Горожане получат работу по строительству и ремонту социальных объектов — школ, детских садов и расширении больницы. Потребуются рабочие руки и на строительстве сетей водоснабжения, ремонте дорог и дворов, а также благоустройстве скверов и парков. Всего рассчитываем трудоустроить на 214 инфраструктурных проектах порядка 26 тыс. жителей Алматы. Средний размер заработной платы составит 120 тыс. тг.

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар