Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 19 адам тiркелді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
Алматы қаласында – 9 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам, Қарағанды облысында – 1 адам, Павлодар облысында – 5 адам, Шымкент қаласында – 2 адамнан анықталды. Осылайша науқастардың жалпы саны – 859-ға жетті.
⠀
Осы сағатта коронавирус Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 231 адам, Алматы қаласында – 137 адам, Қарағанды облысында – 62 адам, Ақмола облысында – 61 адам, Атырау облысында – 59 адам, Жамбыл облысында – 46 адам, Шымкент қаласында – 33 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 6 адам, Алматы облысында – 10 адам, Ақтөбе облысында – 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам, Павлодар облысында – 9 адам, Маңғыстау облысында – 9 адам, Қызылорда облысында – 116 адам, Батыс Қазақстан облысында – 6 адам, Түркістан облысында – 35 адам, Қостанай облысында – 3 адамнан анықталды.
Пікір қалдыру