Алматыда лифт батырмасына түкірген бұзақы жігіт кешірім сұрады (видео)

/image/2020/04/11/crop-0_1_543x968_8adcdde5-9e6e-4bcf-9673-989139ac8ee2.jpeg

Алматыда лифт батырмасына түкірген бұзақы жігіт жауапқа тартылды, – деп хабарлады Polisia.kz.

Әлеуметтік желіде Алматы қаласындағы тұрғын үй кешеніндегі лифт батырмасына түкірген белгісіз жігіттің видеосы таралды. Оның бұл әрекеті «Алатау сити» тұрғын үй кешеніндегі лифтінің бақылау камерасына түсіп қалған.

– Оның аты-жөні кім екені анықталды, ол полицияға жеткізіліп, ҚР ӘҚБК 434-бабындағы (ұсақ бұзақылық) құқық бұзушылық белгісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шешім қабылдау үшін іс материалдары сотқа жіберілді, – деп мәлімдеді Алатау аудандық Полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ілияс Өмірсеріков.

Бұзақы істеген әрекетіне өкінетінін айтып, кешірім сұрады.

– Ашу үстінде лифт батырмасына түкірдім. Осыған байланысты барлығынан, соның ішінде тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан кешірім сұраймын, – деді А. есімді жігіт.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар