Трамп пен ДДСҰ арасында қайшылық күшейе түсті

/image/2020/04/11/crop-138_10_680x906_2020-04-10t173553z_9652702_rc2t1g9x3nuq_rtrmadp_3_health-coronavirus-france-east

АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирусқа арналған күнделікті брифингте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын Қытайдағы коронавирус жұқтырған азаматтардың санын жасыруға көмектесті деп айыптады. Бұл туралы yahoo.com және independent.co.uk басылымдарына шолу жасаған Қамшы тілшісі хабарлайды.

Трамптың айтуынша, ДДСҰ коронавирустың өршуіне жол берген.

– Мен олардың шын жағдайды білетініне сенемін» – деді президент коронавирус туралы күнделікті брифингте. Трамптың айтуынша, ДДСҰ Қытайдың COVID-19 инфекцияларының таралуы туралы шындықты жасырғанын біледі. "Бірақ олар әлемге айтқысы келмеді. Біз бәрін түбіне дейін білетін боламыз" деді АҚШ президенті.

Осы аптада АҚШ президенті ДДСҰ-ны біреше рет сынаған. Жұма күні Трамп ДДСҰ-ны коронавирус пандемиясы кезінде дұрыс жұмыс жасамады деп айыптаған. Сейсенбіде ол "ДДСҰ-ның Қытайға бүйрегі бұрды" деп сынады.

Оған қоса, Трамп АҚШ-тың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына қаржы бөлуді қайта қарайтынын мәлімдеді. Дегенмен, қашан немесе қалай жасауға ниеті белгісіз. Америка Құрама Штаттары соңғы екі жылдық қаржыландыру кезеңінде ДДСҰ-ға 893 миллион доллар бөлді, ал Қытайдың соңғы жарнасы 86 миллион долларды құраған.

– Біз оларға Қытайдан 10 есе көп төлейміз, алайда олар өте қытайшыл, – деді АҚШ президенті.

Трамп келесі аптада ДДҰ туралы егжей-тегжейлі сөйлесетінін айтты.

Осы аптаның басында Трамп ДДСҰ-ны "қатерді барынша азайтып көрсетуге тырысты" деп айыптаған. Бұл айыптаулары 14 қаңтарда ДДСҰ-ның «Қытай билігі коронавирустың адамнан адамға жұғуы нақты дәлелдерін таппады" деп твиттерде жариялауына байланысты болуы мүмкін. Оның мүлде қате тұжырым екені кейін дәлелденді. Оған қоса, Трамптың "ДДСҰ коронавирус туралы жалған мәлімдемелер жасады" дегеніне "коронавирус өздігінен жойылып кетеді" деген тұжырым да себеп болуы мүмкін.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар