Қазақстанда 100-шы адам коронавирустан жазылып шықты

/image/2020/04/13/crop-212_11_601x802_317226-356138698.jpg

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 1 науқас ауруханадан шықты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

– Ол 82 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. 22 наурызда КВИ жұқтырғаны расталып, көпбейінді медициналық орталықтың инфекциялық блогына түсті. Диагнозы: COVID-19. Ауырлық дәрежесі орташа, екі жақты полисегментарлы пневмония. 1 дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы. 3 дәрежелі артериялық гипертензия. Идиопатиялық подагра. Жүргізілген кешенді емдеуден кейін 24 сағат аралығымен COVID-19-дан 2 рет зертханалық зерттеу жүргізілді. Нәтижелері теріс болды. Қазақстандық дәрігерлер біздің ауыртпалығымызды сәтті еңсеруде. Біздің дәрігерлер COVID-19 халықаралық клиникалық хаттамаларына сәйкес жұмыс істейді, – деп жазды министр Facebook парақшасында.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар