Алматы жолдарын жөндеу қолға алынды

/image/2020/04/13/crop-31_22_448x598_12-04-20-road1.jpg

Алматыда жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыру жалғасуда. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта «Достық» және «Сарыарқа» метро станциясының желілері салынуда. Оған 250 жұмысшы тартылған. Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында жол айрығының құрылысы жүргізілуде. Оған 53 жұмысшы тартылған. Ал Абай даңғылын тесуге 20 жұмысшы күш жұмсап отыр.

Алатау ауданындағы жаңа жолдардың құрылысына 115 жұмысшы жұмылдырылған:

  • - Шаңырақ-2, ұзындығы - 10,9 км, аяқталу мерзімі - осы жылдың тамыз айы, қамту - 18440 тұрғын;
  • - Әйгерім-1, ұзындығы - 6 км, аяқталу мерзімі - осы жылдың мамыр айы, қамту - 10300 тұрғын;
  • - Ұлжан-1, ұзындығы - 12,6 км, аяқталу мерзімі - осы жылдың қазан айы, қамту - 8000 тұрғын;
  • - Трудовик, ұзындығы - 18,2 км, аяқталу мерзімі - осы жылдың қараша айы, қамту - 6000 тұрғын;
  • - Әйгерім-2, ұзындығы - 6 км, аяқталу мерзімі - осы жылдың қыркүйек айы, қамту - 12,600 тұрғын.

Жолдарды ағымдағы жөндеу. 105 жұмысшыдан 10 бригада жұмылдырылды. Бүгінгі таңда аудан бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасуда:

  • Алатау ауданы – 3600 ш.м;
  • Алмалы ауданы – 3000 ш.м;
  • Әуезов ауданы – 600 ш.м;
  • Бостандық ауданы – 3000 ш. м;
  • Жетісу ауданы – 5000 ш.м;
  • Медеу ауданы – 4200 ш.м;
  • Наурызбай ауданы – 3000 ш.м;
  • Түрксіб ауданы – 3000 ш.м.

Жұмысшылардың санитарлық-қорғаныс шараларын сақтау үшін жөндеу-құрылыс жұмыстарының барлық қатысушылары маскалармен, сондай-ақ антисептикалық заттармен қамтамасыз етілген.

Осы жылдың соңына дейін Алатау ауданының 7 шағынауданында ұзындығы 84 шақырым болатын жаңа жолдың құрылысы аяқталады. Сонымен қатар ұзындығы 67,4 шақырым болатын 18 шағынауданда орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. 5 мөлтек ауданда: «Самғау», «Өжет», «Шаңырақ-5», «Алғабас», «Шапағатта» жаңа жолдың күрделі құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жобалық-сметалық құжаттаманы аяқтау мерзімі 2020 жылдың 2 тоқсанына жоспарланған.

Сонымен қатар шағын аудандардағы көшелерді жөндеу қолға алынуда:

  • Алатау ауданында жыл соңына дейін ұзындығы 67 шақырым болатын 75 көшені жөндеу жоспарлануда.
  • Алмалы ауданында жыл соңына дейін ұзындығы 14 шақырым болатын 16 көшені жөндеу жоспарлануда.
  • Әуезов ауданында Алтынсарин, Абай даңғылдары мен Саин, Шаляпин және Жандосов көшелерінде жөндеу жұмыстары басталды. Жыл соңына дейін ұзындығы 27 шақырым болатын 49 көшені жөндеу жоспарланған.
  • Бостандық ауданында жыл соңына дейін ұзындығы 25 шақырым болатын 49 көшені жөндеу жоспарланып отыр.
  • Жетісу ауданында Бөкейханов көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін ауданда ұзындығы 22 шақырым болатын 23 көшені жөндеу жоспарлануда.
  • Ағымдағы жылы Медеу ауданында ұзындығы 21 шақырымнан асатын 24 көшені және Шығыс айналма автомобиль жолы бойында орналасқан 8 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін орташа жөндеу жоспарланған.
  • Наурызбай ауданы бойынша жалпы ұзындығы 22 шақырым болатын 35 көшенің көше-жол желісін орташа жөндеу жоспарлануда.
  • Түрксіб ауданы аумағында 15 көшені жөндеу жұмыстары аяқталды. Ағымдағы жылдың соңына дейін ұзындығы 9 шақырым болатын 12 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар