16 сәуірде Қарағанды облысында құлаған әскери ұшақта болған екі ұшқыштың бірінің жағдайы орташа ауыр. Бұл туралы Қазақстанның қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Қазақстанның әуе әскери күштерінің құтқару-іздеу қызметі ұшақ апаты болған жерге бірінші болып жетті. Ұшқыштарға алғашқы жедел медициналық көмек көрсетілді, одан кейін Қарағанды қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде ұшқыштарға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Біреуінің жағдайы бірқалыпты, екіншісінің жағдайы орташа ауыр" делінген министрлік хабарламасында.
Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, әскери ұшақты подполковник А.Кұрманғалиев пен подполковник И. Гаврилко басқарған.
Пікір қалдыру