Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 10 адам тіркелгенін хабарлады.
Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 5, Түркістан облысында – 1, Ақтөбе облысында – 4 адамнан вирус табылды. Елде вирус жұқтырған науқастардың жалпы саны – 1480.
Осылайша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 333 адам, Алматы қаласында – 461 адам, Қарағанды облысында – 87 адам, Ақмола облысында – 81 адам, Атырау облысында – 72 адам, Жамбыл облысында – 53 адам, Шымкент қаласында – 46 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 8 адам, Алматы облысында – 29 адам, Ақтөбе облысында – 18 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 29 адам, Павлодар облысында – 15 адам, Маңғыстау облысында – 12 адам, Қызылорда облысында – 143 адам, Батыс Қазақстан облысында – 30 адам, Түркістан облысында – 56 адам, Қостанай облысында – 7 адамнан COVID19 анықталды.
Пікір қалдыру