Ухань қаласында коронавирустан қайтыс болғандардың саны күрт өсті

/image/2020/04/17/crop-8_4_569x1009_p080zhnt.jpg

Ухань қаласының билігі коронавирусқа қатысты статистиканы қайта қарап шықты. Коронавирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандардың саны әлдеқайда көп болғаны анықталды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтының дерегін негізге алып. 

17 сәуірде таңертең Қытайдың мемлекеттік денсаулық сақтау комитеті жаңа статистиканы жариялады. Статистикаға сәйкес, коронавирус жұқтырғандардың саны – 50 008, ал қайтыс болғандардың саны – 2 579. 

"Коронавирус жұқтырғандардың саны 50 333-ке, қайтыс болғандардың саны 3869-ға өсті", делінген қала әкімшілігінің ресми есебінде. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар