Қазақстанда Covid-19 вирусын жұқтырған жүкті әйел босанды

/image/2020/04/17/crop-103_9_481x642_61nh3hgob4chfpzo.jpg
Алматыда Covid-19 вирусын жұқтырған жүкті әйел дені сау бала босанды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
 
13 сәуірде екіқабат әйел жүктілігінің 39-шы аптасында вирус жұқтырған науқаспен байланыста болған адам ретінде №1 Қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді. Жүкті әйелден коронавирусқа қарсы анализ алынып, нәтижесі оң болып шықты. 15 сәуірде дәрігерлер анализ көрсеткіштері бойынша оған кесарь тілігі отасын жасап, босандырып алады. Нәтижесінде салмағы 3,5 келіден асатын ұл бала дүниеге келді. Бұл науқастың екінші босануы екен.

– Жаңа туған нәрестеден алынған талдаулар теріс нәтиже көрсетті. Нәрестенің дені сау. Қазір ол балалар бөлімшесінде жатыр, – деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Босанған әйелдің жай-күйі қанағаттанарлық. Жуырда ол емделуін жалғастыру үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады. Науқас қауіпті індеттен толық сауығып шыққаннан кейін ғана ұлымен қауыша алады.

Айта кету керек, №1 Қалалық клиникалық ауруханада провизорлық орталық құрылған. Бұл ауруханада қауіпті індетті жұқтырған жүкті әйелдер босанады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар