Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айының өңірлер бойынша кестесін жариялады.
Биыл Ораза айы 24 сәуір, жұма күні басталады. Мамыр айының 19-ынан 20-сына қараған түні қасиетті Қадір түні. Биыл пітір садақа жан басына 370 теңгеден белгіленді.
Елде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты тарауық намазы мешіттерде оқылмайды. Оны отбасында орындауға болады.
Сондай-ақ ҚМДМ әркімді өз шаңырағында отбасы мүшелерімен ауызашар өткізуге, көпшілік орындарда (дәмхана, мейрамхана т.б.) жиналмауға үндеді.
Сондай-ақ бас мүфти сырқаттанған немесе денсаулығы нашар адамдар ауруының асқынуынан қауіптенсе және сенімді дәрігер ұзақ уақыт бойы ашығудан денсаулығы күрт нашарлап кетуі мүмкін деген шешім қабылдаса, сондай-ақ жүкті немесе омырауда баласы бар әйелдерге ораза тұтуды кейінге қалдыруға шариғат рұқсат беретінін мәлімдеген.
Пікір қалдыру