"42500 теңгені еш қиындықсыз алдым"

/image/2020/04/18/crop-8_1_537x949_1585568797_90588817-fee7-4d3d-a1b7-d2049aaaabee.jpeg

Кондитерлік дүкенде жұмыс істейтін Айгүл Шүйінішованың жұмысы карантинге байланысты тоқтап тұр. Жұмысынан ақысыз демалысқа жіберілген.

– Соңғы болып жатқан жағдайларға байланысты бізді жұмыстан босатып, демалысқа жіберген болатын. Төтенше жағдайда үкіметтің халыққа бөлген жәрдемақысы біршама көмек болды. Әлеуметтік көмек осыдан 1 апта бұрын түсті. Еш қиындықсыз алдым. Осындай қарбалас шақта әлеуметтік сақтандыру қорының тынбай еңбек етіп жатқан барша қызметкерлеріне алғысым шексіз!, – дейді Шүйінішова Айгүл. 

Бүгінге дейін 784 мыңнан астам алматылық төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға арналған 42 500 теңгелік жәрдемақыға өтінім білдірген. 238 мың тұрғынның өтінімі кейінге қалдырылса, қалғандарына әлеуметтік төлем тағайындалған.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар