"Қиын жағдайда мемлекет тарапынан қолдау жасалып жатқаны қуантады"

/image/2020/04/18/crop-5_0_432x563_grgwd4xcusm.jpg

Карантин жағдайына байланысты Гүлнұр Темірханқызы жұмыс істейтін жеке тігін цех уақытша тоқтап тұр. Осы күрделі кезде 42500 теңгелік жәрдемақы кәдімгідей көмек болды дейді шебер.

– Қазіргі уақытта қаржы жағынан қиындыққа ұшырап қалған азаматтар арамызда өте көп. Солардың бірі – өзіммін. Төтенше жағдайға байланысты жұмысымыз тоқтап тұр. Осындай қиын жағдайда мемлекет тарапынан қолдау жасалып жатқаны қуантады. Мен 42500 теңгені 42500.enbek.kz сайты арқылы өтінім беріп, алдым. Мемлекет тарапынан осы көмектің тағайындалғанына үлкен рахметімді айтамын, – деді Г. Темірханқызы.

Бүгінге дейін 784 мыңнан астам алматылық төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға арналған 42 500 теңгелік жәрдемақыға өтінім білдірген. 238 мың тұрғынның өтінімі кейінге қалдырылса, қалғандарына әлеуметтік төлем тағайындалған.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар