Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев коронавирус анықталған көпқабатты үйлердің тұрғындарының тест тапсырып жатқандығын айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
– Жедел тест Ақтөбеге жеткізілді. Науқас адамдар тұрған көпқабатты үйдің тұрғындарынан анализ алынып жатыр. Көршілері жедел тест тапсырды. Жұмыс кеше басталды, бүгін жалғасып жатыр, – деді Әсет Қалиев
Айта кетейік, Ақтөбе қаласында көпқабатты үйлердің төрт подъезі жабық тұр. Ол үйлерде шамамен 126 тұрғын бақылауға алынды. Ақтөбе облысының билігі барлығы 24 мың жедел тестке тапсырыс беріп, сатып алған болатын.
Қазіргі уақытта өңірде вирусты жұқтырғандардың жалпы саны – 25 адамға жетті.
Пікір қалдыру