107 жастағы Түркия тұрғыны Хавахан Карадениз коронавирустан жазылып шықты. Ол коронавирустан айығып шыққан әлемдегі ең қарт әйелдердің бірі болды.
Анадолы басылымының дерегі бойынша, Хавахан Карадениздің имундық жүйесі күшті болғандықтан коронавирустан бір аптаның ішінде жазылған.
Қарт әйел 7 сәуірде Стамбул ғылыми клиникасына қатты жөтел мен жоғары қызумен түскен. Кейін оның коронавирус жұқтырғаны белгілі болған. Бір аптадан соң ол 14 күндік үй карантиніне жатқызылды.
Аурухана қызметкерлері қарт әйелдің коронавирустан жазылып шықанына таңғалғандарын жасырмады. Дәрігерлердің сөзінше, Карадениздің иммунитеті өте мықты.
Карадениз Малатия провинциясының Потюрге ауданында дүниеге келген. 8 жасында отбасымен бірге Ыстамбұлға көшкен. Күйеуі 1982 жылы қайтыс болған.
Караденизде төрт бала, 11 немере және 15 шөбере бар. Жақында немерелерінің бірі ата болады.
Егде жасына қарамастан Карадениз күнде таңертең ерте тұрып намаз оқиды. Малатия провинциясының кез келген тұрғыны секілді ол өріктерді жақсы көреді.
Пікір қалдыру