Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған жалпы 524 жағдайы анықталды. Қалада бүгін тағы 11 жағдай тіркелді.
Олардың барлығы провизорлық госпитальдарда карантиндегі науқастармен байланыста болғандар.
Кеше Соvid-19 диагнозымен екі адам қайтыс болды. Екеуінің де жағдайы аса ауыр халде болатын.
Оның біреуі 1958 жылы туған ер адам. Науқастың бұл инфекциядан бөлек бүлінген панкреатиті, ауыр дәрежелі қан аздығы, артериалдық гипертония деген сияқты қосымша аурулары болған. Ол жүрек қызметінің тоқтау себебінен көз жұмды.
Екіншісі 1931 жылы туған әйел. Науқас жүрегінің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, дисциркуляторлық энцефалопатия сияқты қосымша диагноздармен ауыр жағдайда болған.
Жалпы жұқпалы аурулар стационарларында Алматы облысынан науқас әйелді есепке алғанда, коронавирустық инфекциядан 436 адам емделуде.
Екі пациенттің жай-күйі – өте ауыр, 6-уында – ауыр, 138 адамда – ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалған адамдардың жай-күйі – қанағаттанарлық.
84 науқас коронавирустық инфекциядан емделіп шықты.
Провизорлық госпитальдарда 294 адам, карантиндік оқшаулауда 520, үй карантинінде 9764 адам бар.
Пікір қалдыру