ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов "42 500 теңге алғандар қылмыстық жазаға тартылмайды" мәлімдеді деп Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.
– Бүгінгі таңда төтенше жағдайлардың салдарына байланысты табысынан айырылған 3 млн 960 мың адамға әлеуметтік төлем тағайындалды. Оларға 157 млрд теңге төленді. Өкінішке қарай соңғы 4-5 күн бойы әлеуметтік желілерде, қоғамда "42 500 теңге алғаны үшін қылмыстық тұрғыда жазалайды екен" деген әңгіме көп таралуда. Біз бәрін қарап шықтық, – деді министр.
Ол Қазақстанда бірде-бір адам 42 500 теңге алғаны үшін, тіпті жіберген қателігі үшін қылмыстық жазаға тартылмайды деп атап өтті.
– Бірде-бір адам 42 500 теңге алғаны үшін, тіпті жіберген қателігі үшін қылмыстық жазаға тартылмайды. Оған негіз жоқ. Осыған нүкте қояйық. Ешкім жауапкершілікке тартылмайды. Оны ана талқылап жатқан заңгерлер де біледі. Біз ешкімді тексермейміз. Себебі бұл – әлеуметтік төлем. Бұл – әлеуметке бағытталған төлем,– деді Біржан Нұрымбетов.
Оның айтуынша жеке тұлғаларды, ресми не бейресми болсын жұмыс істеп жүргендерді тексеріп жатпайтынын баса айтты.
– Көпшілігі осы төлемді алғысы келеді. Өткен брифингіде де айтқанмын, біз ешкімді жаппай тексеріп жатпаймыз. Жеке тұлғаларды, ресми не бейресми болсын жұмыс істеп жүргендерді үйлерді аралап, тексермейміз. Ештеңеге уайымдамаңыздар. Сізlерге төленді ме? Алыңыздар, жаратыңыздар. Тексеру болса да бізді тексереді, – деді министр.
Пікір қалдыру