Қазақстанда 413 адам коронавирустан жазылып шықты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
⠀
Коронавирус жұқтырған 12 науқас сауығып, ауруханадан шықты. Оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысында – 7, Шығыс Қазақстан облысында – 3, Ақмола облысында – 1, Маңғыстау облысында – 1.
⠀
Бүгін сағат 11:30 дейін елімізде жалпы 413 адам үйлеріне шықты. Осылайша Нұр-Сұлтанда – 177, Алматы қаласында – 84, СҚО – 25, Ақтөбе облысы – 7, Жамбыл облысында – 6, Павлодар облысында – 1, Алматы облысында – 8, Қарағанды облысында – 12, Шымкент қаласында – 11, Атырау облысында – 21, Батыс – Қазақстан облысында – 2, Маңғыстау облысында – 2, Ақмола облысында – 18, Қызылорда облысында – 24, Түркістан облысында – 11, Шығыс Қазақстан облысында – 3 адам.
Пікір қалдыру