Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 адам ауруханадан шығарылды

/image/2020/04/20/crop-71_8_439x586_cm1280.jpg

Алматыда тағы 4 адам коронавирустық инфекциядан сауығып шықты. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оның ішінде екеуі 2017 және 2009 жылы туған балалар және екі ересек адам. Ерлер мен әйелдердің жай-күйі екі жақты полисегментті пневмонияның болуына байланысты ауыр деп бағаланды.

– 38 жастағы ер адам 10-14 сәуір аралығында өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды, бүгінгі күні олар сауығып, өздерін жақсы сезінуде, – деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Бүгін мегаполисте емдеуден шығарылғандардың жалпы саны 88-ге жетті.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар