Алматыда бүгінде 42 500 теңге әлеуметтік жәрдемақыны 361 548 адам алған. Оларға жалпы 15,4 млрд теңге берілген. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева айтты.
Оның айтуынша, жалпы өтініш білдіргендердің саны - 830 315 адам. Бұдан бөлек Алматыда төтенше жағдай режимі кезінде 62 мыңға жуық азаматқа әлеуметтік көмек берілген. Бұл көмекті алғандар қатарында І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер, отбасында мүгедек бала тәрбиелеп отырғандар, атаулы әлеуметтік көмек алып отырған отбасылар, жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған азаматтар бар.
– Өздеріңіз білесіздер Nur Otan партиясының бастамасымен BizBirgemiz жобасы аясында 50 мың теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетіліп жатыр. Оны 23 мыңнан астам қала тұрғыны алды, енді екінші кезекте тағы 29 мыңнан астам адам осы көмекті алады. «Жаңа Алатау» қорының қолдауымен 10 243 адамға азық-түлік қоржыны берілді. Бұл жұмыс жалғаса береді, – деді Рахат Шимашева.
Пікір қалдыру