Өскемендегі балалар шығармалық сарайы онлайн режимде жұмыс істеуге көшті

/image/2020/04/21/crop-19_8_517x774_200411211239456a3636909i.jpg

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Өскемендегі балалар шығармалық сарайы онлайн режимде жұмыс істеуге көшті. Бүгінде аталмыш саланың қызметкерлері балалармен бес бағыт бойынша қашықтықтан бағыт-бағдар беруде.

– Біздің ұжым оқушылармен вокалдық, хореографиялық, сәндік-қолданбалы, әлеуметтік-педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық бағыттар бойынша жұмыс істеуде. Жоспарланған шаралардың дені онлайн режимде өтіп жатыр, – деді оқушылар шығармашылық сарайының директоры Галина Асташкина.

Директордың айтуынша, балалар ұлы ақынның 175 жылдығына орай виртуалды викториналық сауалдарды шешіп, ой-өрістерін кеңейтуде.

Сондай-ақ жауапты сала мамандары оқушылар мен ата-аналарға онлайн режимде психологиялық кеңес беріп жатқанын айта кеткен орынды.

ШҚО ақпарат орталығы

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар