42500 теңге екінші рет кімге берілмейтіні белгілі болды

/image/2020/04/21/crop-9_1_436x774_photo_315924.jpeg

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы 42 500 теңге әлеуметтік төлемді екінші рет алу бойынша ақпараттық хабарлама таратты.

Штаб таратқан дерекке сай, 42 500 теңге әлеуметтік төлемді алу үшін екінші рет өтінім берудің қажеті жоқ, төлем автоматты түрде аударылады.

"Төтенше жағдай режимінің 30 сәуірге дейін ұзартылуына байланысты, екінші әлеуметтік төлем наурызда немесе сәуір айының басында жәрдемақы алған адамдарға беріледі.

 

Алайда, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 20 сәуірден бастап жұмысқа шығып, қайта еңбекақы ала бастайтын азаматтарға аталған төлем аударылмайтынын ескертеміз" делінген ақпараттық хабарламада.

 

Тағы оқыңыз!

♦ 42500 теңгені "заңсыз" алғандарға кімдер жатады, оларға төлем неге берілді?

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар