Коронавирустың екінші толқыны қазіргіден де ауқымды болуы мүмкін

/image/2020/04/22/crop-2_0_229x408_bbc.jpg

Вирусолог жылдың аяғында болуы мүмкін коронавирустың екінші толқыны әлемге бұдан да зор зардап әкелуі мүмкіндігін ескертті. Бұл туралы Қамшы тілшісі Вашингтон Постқа сілтеме жасап хабарлайды. 

АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының (CDC) директоры Роберт Редфилдың Вашингтон Постқа айтуы бойынша, келесі қыста коронавирустың қайта тірілуі маусымдық тұмауға сәйкес келуі мүмкін. Олай болатын болса, денсаулық сақтау қызметтеріне түсетін ауыртпалық қазіргі жағдайдан әлдеқайда ауқымды болады.

– Егер маусымдық тұмау мен Ковид-19 бір мезгілде болса, "денсаулық қызметтеріне шынымен де, өте, өте, өте қиын болуы мүмкін, – дейді ол.

Америкалық медициналық ассоциацияның президенті доктор Патрик Харрис CNN-ге берген сұхбатында доктор Редфилдтің пікірлерін қостады.

Ол ақпараттық агенттікке "Егер бұл вирус басқа вирустар сияқты болса, күзде қайталануы мүмкін" деді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар