Қазақстанның "Қызыл Жарты Ай" ұйымы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және халықаралық Қытай сауда палатасының, Jiangsi 3L Medical Products Group компаниялар тобы мен Цзянси мыс өнеркәсіптік тобының қолдауымен Қазақстанның медициналық мекемелеріне, Алматы қаласының төтенше жағдай және полиция департаментіне медициналық маскалар жеткізді.
Қытайдың халықаралық сауда палатасы мен цзянсилік компания Қазақстанның Қызыл Жарты Ай ұйымына 228 880 дана медициналық маска берген. Олар ұйымның аймақтық филиалдарына, медициналық қызметтерге, төтенше жағдай департаменті мен ішкі істер департаменті бөлімдеріне үлестірілген.
Медициналық маскаларды Алматы қаласына жеткізу мен техникалық көмек көрсету тікелей сыртқы істер министрлігі және денсаулық сақтау министрлігі қолдауының арқасында жүзеге асырылды.
– Қазақстанның "Қызыл Жарты Ай" ұйымы маскаларды жеткізген әрбір адамға, оның ішінде Қытай сауда палатасына, цзянсилік компаниялар тобына алғысын білдіреді. Тауар жеткізу ісіне белсене қатысқан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігіне алғысымыз ерекше. Осындай қиын сәтте достық пен адамгершілік үдесінен шығу – ең қымбат дүние деп ойлаймын, – деді ұйымының президенті Еркебек Арғымбаев.
Қазақстанның "Қызыл Жарты Ай" ұйымы мемлекетке көмекші мекеме ретінде мемлекеттік органдарға мейлінше жәрдемдеспек.
– Келіп түскен маскалар коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген тәртіп сақшылары, медицина қызметкерлері мен біздің еріктілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қызмет қылуға тиіс. Біз осылайша ортақ іске өз үлесімізді қосқымыз келеді, – дейді компания өкілі.
Маскалар төмендегі тізім бойынша үлестіріледі.
- ҚЖА Алматы облыстық филиалы – 5000;
- Қазақстан шипажайы – 2000;
- ҚР ОКЗ 14 филиалы – 42 000;
- КПК штап-пәтері – 10 000;
- Ұлттық ұлан – 10000;
- Алматы ІІД – 10,000;
- Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы – 35,000;
- Алматыдағы төтенше жағдайлар департаменті – 5000 адам;
- Алматыдағы еріктілер штабы – 10,000;
- Нұр-Сұлтан ҚЖА филиалы – 5000;
- Нұр-Сұлтан қаласы денсаулық сақтау басқармасы – 10 000;
- Қор – 6000.
Қазақстанның "Қызыл Жарты Ай" ұйымы азаматтарға жеке бастың гигиенасын және карантин кезіндегі тәртіп ережелерін сақтауды сұрайды.
– Азаматтар тек жеке басын ғана емес, айналасындағы адамдардың да денсаулығын сақтауға тиіс. Үйде қалу арқылы сіз өзіңіздің денсаулығыңызды қорғап, жақын адамдарыңызға қауіп төндірмейсіз, – дейді компания президент Еркебек Арғымбаев.
Қазақстанның "Қызыл Жарты Ай" ұйымы – Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай ұйымдарының бір бөлігі. Бұл қозғалыс адам өмірі мен денсаулығын қорғау, әрбір тұлғаның жеке басын құрметтеуді қамтамасыз етуді мақсаты етіп алған әлемдегі ең ірі бірлестіктердің бірі.
Пікір қалдыру